
Аудиторлық ұйымдар өз қызметін "Аудиторлық қызмет туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырады. Сондай-ақ, ҚР Заңына сәйкес аудиторлық ұйымдар ҚР аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға міндетті.
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті үш субъектіде профилактикалық бақылау жүргізді: "Райян-Аудит" ЖШС, "Atameken-Aydit" ЖШС, "Audit Expert Plus"ЖШС.
Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ҚР заңнамасын бұзу фактілері анықталды.
Тексерілетін кезеңде аталған ұйымдар 2021 жылға аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы жыл сайынғы есептерді уақтылы ұсынбаған. Осыған байланысты Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Төлем жалпы соманың 50 пайызы мөлшерінде қысқартылған тәртіппен жүргізілді.
Тексерілетін кезеңде аудиторлық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есептер (тоқсан сайынғы есептер) уақтылы ұсынылды. Алайда, ұсынылған аудиторлық есептерді тоқсандық есептермен салыстыру кезінде сәйкессіздіктер анықталды, мәселен тоқсандық есептерде көрсетілген көрсеткіштер нақты берілген аудиторлық есептерге сәйкес келмеді.
Тексеру нәтижелері бойынша субъектілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жіберілді және есептілікті ұсынуға жауапты қызметкерлер үшін оқыту жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.