Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаментінің 2022 жылғы камералдық бақылау атқарған қызметі туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаментінің 2022 жылғы камералдық бақылау  атқарған қызметі туралы

2022 жылы камералдық бақылауға түскен 23 238 мемлекеттік сатып алудың 23 022-іне камералдық бақылау жүргізілді немесе 99,07%.

Жүргізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде камералдық бақылау нысандарына 24,4 млрд. тенге сомасына 2250 хабарлама жолданып, оның 2177 мерзімінде және тиісті түрде орындалды, ал 82-і бұзушылықпен орындалды.

Осылайша, Департамент сомасы 24,4 млрд. тенге болатын мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтың алдын алды.

Хабарламаларды тиісті түрде орындамау фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 82 әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттамалар толтырылып, 40 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 2022 жылы мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы 1 564 шағым түсіп, 1553-і қаралды, оның ішінде 506 шағым қанағаттандырылды, 571 шағым жартылай қанағаттандырылды, 476 шағым қанағаттандырудан бас тартылды, ал 11 шағым қаралуда.

Бұдан басқа камералдық бақылау бөлімімен облыстың Тапсырыс берушілері мен Ұйымдастырушылары арасында қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңнамасын және Камералдық бақылау жүргізу туралы қағидасын түсіндіру мақсатында бірнеше рет семинар-кеңестер өткізіліп, қатысушыларға мемлекеттік сатып алу барысында қолданылатын нормалар бойынша толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.