Балаларды оңалту орталығының бензині қайда кетіп жатыр

Балаларды оңалту орталығының бензині қайда кетіп жатыр

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Күншуақ "облыстық балаларды оңалту орталығы" мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде ұжымдық өтініште көрсетілген мәселелер бойынша аудит жүргізді.

Аудитпен кәсіпорын жалпы сомасы 455 952, 0 теңге 3000 литр көлемінде АИ–92 (талондар бойынша) бензин сатып алғаны анықталды.

Көрсетілген бензин айына бір рет кәсіпорынның балансында тұрған автомобильдерге арналған жол парақтары негізінде есептен шығарылды.

Тексеру кезінде 2021 жылдың екі айында 200 литр бензин есептен шығарылған, алайда, көліктердің бірі жұмыс істемейтіні анықталды.

Бұл ретте, тексеру барысында толық ставкаға қабылданған жүргізуші сантехник жарты ставкасы үшін негізсіз жалақы алғаны анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша Департамент анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберді.