Алматы облысындағы Балабақшаны негізсіз қаржыландыру

Алматы облысындағы Балабақшаны негізсіз қаржыландыру

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің "Қарлығаш" балабақшасында жергілікті атқарушы органдар Түркістан және Алматы облыстары тұрғындарының өтініштері негізінде Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға мемлекеттік аудит жүргізді.

Мәселен, Түркістан және Алматы облыстары тұрғындарының өтініштері бойынша олардың балалары бұл балабақшаға нақты бармағаны анықталды.

Балабақшада мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйелер жұмыс істейді, атап айтқанда, мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою "Е-zhetysu"электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады.

"Е-zhetysu" АЖ бойынша білім бөлімі төлеуге қабылдаған қызметтер актілерінде көрсетілген көлемдерді айқындаудың дұрыстығына аудитпен мектепке дейінгі ұйымға оқуға түсуді есепке алу табельдерінде көрсетілген тәрбиеленушілерді қабылдауға жолдамалардың болуы тексерілді, онда 2020 жылғы 1 қазаннан, 2022 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңде балабақшаның балалары нақты болмаған кезде балаларға бару табельдерінде белгіленген.

Сонымен қатар, 33 бала бойынша жеке істері мен оқуға түсуге жолдамалары жоқ.

Осылайша, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, білім бөлімі 33 баланы кезекке қоюды тіркеуді қамтамасыз етпеді және кейіннен балабақшаға орын берді, сондай-ақ балаларды кейіннен ұлттық білім беру деректер базасында дұрыс есепке алуды қамтамасыз етпеді.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге байналысты, "Қарлығаш" балабақшасы бюджет қаражатын негізсіз алды және анықталған сома бюджетке өтелуге жатады.