Әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

"Қазгеология "Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ-на жеке тұлғаның өтініші негізінде жүргізілген аудит қорытындылары бойынша заңнама нормаларын бұза отыра, Қоғам Басқармасы басқарманың лауазымдық айлықақыларының мөлшерін белгілеу туралы шешімді өз бетінше заңсыз қабылдағаны анықталды, ал заңнамаға сәйкес бұл мәселе Директорлар Кеңесінің айрықша құзыретіне жатады. Сондай-ақ, Қоғам Басқармасы басқарманың лауазымдық айлықақыларының мөлшерін заңсыз ұлғайтты, бұл жалақыны, бонустарды, демалысқа арналған материалдық жәрдемді жалпы сомасы 169 541,5 мың теңгеге артық төлеуге әкеп соқтырды.

Сондай-ақ, Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасында жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептер заңнамада белгіленген мерзімдерді бұза отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылғаны анықталды.

Бұдан басқа, Мекеме "Қалалық қызметтер орталығы" ЖШС-мен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы заңсыз шарт жасасты, ол "Қалалық қызметтер порталы"АЖ-нің зияткерлік меншік объектісінің құқық иесі болып табылмайды. 

Аудит объектісінің лауазымды адамына қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілерінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.