Астана қаласы әкімдігінің «Балбөбек» №19 балабақшасы» МКҚК-да анықталған бұзушылықтар

Астана қаласы әкімдігінің «Балбөбек» №19  балабақшасы» МКҚК-да анықталған бұзушылықтар

Елордалық Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жеке тұлғаның өтініші негізінде, Астана қаласы әкімдігінің "№19 "Балбөбек" балабақшасы" МКҚК-да өткізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып, Кәсіпорын жалпы сомасы 15 941,7 мың теңгеге пайдаланылмаған трансферттерді қайтармағаны анықталды. Сондай-ақ, 818,8 мың теңге сомасына 17.11.2020 жылдан бастап 31.03.2022 жылға дейінгі кезеңге жалақы мен сыйлықақы негізсіз есептелді және төленді.

ҚР Еңбек кодексін бұза отырып, жұмыс істемеген уақыт ішінде Кәсіпорын қызметкерлеріне жалпы сомасы 872,0 мың теңгеге ақшалай қаражат аударылды, сондай-ақ 1 750,1 мың теңге сомасына қосымша ақылар төленді.

Бұдан басқа, Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қоры 6 140,0 мың теңге сомасына арттырылғаны анықталды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Кәсіпорынның атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді, сондай-ақ аудит материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.