
Комитет 2022 жылдың 4 тоқсанына аумақтық Департаменттердің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізді.
Көрсетілген кезеңде сапа бақылауымен 103 аудит материалдары, оның ішінде 102 ІМАД-нің материалдары және 1 Комитеттің орталық аппаратының материалдары қамтылды.
Екінші деңгейдегі сапаны бақылау нәтижелері бойынша 27 материал Стандарттарға сәйкес келмейді деп танылды, оның ішінде 26 ІМАД-нің материалдары, 1 Комитеттің орталық аппаратының материалы.
ІМАД-де 3 материал стандарттарға сәйкес келеді және 73 материал ескертулермен сәйкес келеді деп танылды.
Ескерте кететіні, өткен жылдың 4 тоқсанына сапаны бақылауымен барлығы 85 аудит материалы қамтылған, оның ішінде 77 ІМАД материалы, оның 10 Стандарттар мен қағидаларға сәйкес келмейді деп танылған, 3-і - сәйкес келеді деп танылған.