
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемелкеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2022 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сатып алудың облыстық, облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың тапсырыс берушілері мен бірыңғай ұйымдастырушысылары арасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың күн тәртібінде, Департамент Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормалары сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолдану барысындағы өзекті мәселелері талқыланды.
Бұл ретте, Департамент семинар қатысушылары жұмыста пайдалану үшін, енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың толық сипаттамасы мемлекеттік сатып алу веб-порталының негізгі бетінде жарияланғанын хабарлады.