
2022 жылдың 12 айы ішінде Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау қорытындылары бойынша жалпы сомасы 2 677 893,8 млн. теңгеге 78 158 мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 124 204,9 млн.теңгеге 1 471 рәсім бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілері камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1409 хабарламаны орындады және бұзушылықтардың алдын алды.
Камералдық бақылауды уақтылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда.
Бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілері жіберетін бұзушылықтар саны азайып бара жатқанын атап өтуге болады. Өз кезегінде, бір лотқа қатысуға ниет білдірген қатысушылар саны артып келеді және сәйкесінше конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдердің үлесі жалпы өтінімдер санынан көтеріліп, бюджетті атқарудың тиімділігі артып, ең бастысы – бюджет қаражатының үнемделуі өсуде.