Жария мүдделі ұйымдар міндетті түрде қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыруға тиіс

Жария мүдделі ұйымдар міндетті түрде қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыруға тиіс

Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге ұсынудың бекітілген қағидаларына сәйкес:

- есепті кезең ішінде әрекетсіз және есепті кезеңнің 1 қаңтарына дейін банкрот деп жарияланған жария мүдделі ұйымдар (ұйымдар) жылдық қаржылық есептілікті депозитарийге ұсынбайды;

- жаңадан құрылған ұйымдар тіркелген кезден бастап есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады;

- еншілес ұйымдары бар ұйымдар қосымша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады;

- аудит міндетті болып табылатын ұйымдар қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті, бұл ретте бастамашылық аудит нәтижелері бойынша есепті - өз бастамасы бойынша ұсынады;

- Депозитарийге қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті ұсыну тәртібі бекітілді.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұза отыра, Астана қаласы бойынша барлығы 62 ұйым қаржылық есептілікті ұсынбаған, сондай-ақ 57 ұйым міндетті аудит жүргізбеген.

Заңнаманы бұзуға байланысты Департамент 40 әкімшілік іс қозғады, оның ішінде 40 хаттама жасалды. Жалпы сомасы 10 743,5 мың теңгеге айыппұл салынды, оның ішінде ұйымдар 9 012,9 мың теңге сомасында төлем жүргізді.

9 ұйым бойынша растайтын құжаттар бар: банкроттық туралы, тарату туралы сот шешімі.

Қалған 22 жария ұйым бойынша Департамент тізімдерде көрсетілген электрондық және пошта мекенжайлары бойынша хабарлама-хаттар жолдады. Алайда, барлық жіберілген хаттар көрсетілген мекенжай бойынша болмауына байланысты,  "Қазпошта" АҚ-ға қайтарылды.