Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану

Бюджеттік инвестициялық жоба - бұл белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тікелей бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджет қаражаты есебінен іске асыратын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда бар объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында құрылыс саласындағы сарапшыларды тарта отырып, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мәселесі бойынша жүргізілген аудиторлық               іс-шарамен Тапсырыс берушінің Басқарма атынан заңнама талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға жол берілгені анықталды.

Сондай-ақ, Басқарма орындалған жұмыстардың актілері болмай, ақы төлеуді жүзеге асырды, осыған байланысты мердігердің жалпы сомасы 30 000,0 мың теңгеге жұмыстарды орындағанын растаудың дұрыстығын қамтамасыз етпеді.

Сондай-ақ, Мекеме жалпы сомасы 7 705,9 мың теңгеге нақты орындалмаған жұмыстарға ақы төледі.

Басқарма сапасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдады.

Бұдан басқа, Басқарма 2018-2020 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 745 805,3 мың теңгеге өткен жылдардағы дебиторлық берешекті өтеу жөнінде шараларды қолданбаған, сондай-ақ бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының нормаларын елемей, 2018 жылы жалпы сомасы 530 214,3 мың теңгеге заңсыз аванс төленген.

Аудит нәтижелері бойынша Басқармаға анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

Аудит материалдары заңнамада көзделген ден қою шараларын қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы уәкілетті органға жіберілді.