Ішкі аудит қызметтері қызметінің тиімділігін жетілдіру бойынша cеминар-кеңес

Ішкі аудит қызметтері қызметінің тиімділігін жетілдіру бойынша cеминар-кеңес

2022 жылғы 22 желтоқсанда ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті  ішкі аудит қызметтері қызметінің тиімділігін жетілдіру бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдары мен полиция департаменттерінің ішкі аудит қызметтерінің басшылары (өкілдері) және ІАҚ басшылығы қатысты.
Семинар-кеңесте ІАҚ қызметкерлеріне мемлекеттік аудитті дамытуға қосқан елеулі үлесі және 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша мінсіз қызметі үшін ҚҚА төрағасының Құрмет грамоталары табыс етілді.
Сондай-ақ, ӘҚБтК нормалары бойынша құқық қолдану практикасын және аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтар жіктеуішін түсіндіруге қатысты мәселелер талқыланды, ІАҚ аудит материалдарына сапаны бақылау қорытындылары қаралды.
Семинар-кеңестің нәтижелері бойынша барлық ІАҚ-ға жұмыста бұзушылықтардың өзгертілген жіктеуішін пайдалану және ІАҚ аудитінің материалдарына сапаны бақылау қорытындыларын қарау, оларды өз қызметінде қолдану тапсырылды.