Мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарының Мердігер тарапынан толық орындалмауы

Мемлекеттік сатып алу туралы заң  талаптарының Мердігер тарапынан толық орындалмауы

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының нысаналы көрсеткіштеріне, яғни, су ресурстары саласындағы объектілерді салу және реконструкциялауды аяқтау бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін Райымбек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-інде аудиторлық шара жүргізіліп, келесі дерек анықталды:

«Мекеме» мен «Дәнекер»ЖШС арасында келісім шарты жасалып, Шалкөде ауылының  су жүйесін жаңғырту және салу жұмыстарына  360 470,5мың теңгенің  қаражатын екі жылда игеру көзделген.

Алайда, Мердігер тарапынан  Шалкөде ауылының су жүйесін жаңғырту және салу жұмыстары 2021 жылы басталған, бірақ, 2022 жылдың 01 қаңтарынан басталғанымен 2022 жылдың 01 желтоқсанына дейін су жүйесін салу жұмыстары себепсіз тоқтатылған.

Осыған байланысты Мекеме тарапынан «Дәнекер»ЖШС мемлекеттік сатып алу порталының жосықсыз қатысушы деп танылды.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде құны 6378,2 мың теңгенің су жүйесінің жабдықтау жұмыстары мерзімінде орындалмағаны және құрал жабдықтары қойылмағаны анықталыды.

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  шешімімен  жауапкер «Дәнекер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды және «Дәнекер» ЖШС есебінен мемелекетті пайдасына  3732 700,0 теңгенің тұрақсыздық айыбы өндіріледі.

 

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті