
Өскелең ұрпақтың тамақтануы мен денсаулығын ұйымдастыру-мемлекетіміздің ішкі саясатының маңызды бағыттарының бірі. Тамақтану мәселелерін реттейтін маңызды құжаттардың бірі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы».
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы арқылы әлеуетті өнім берушілердің шағымы негізінде «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-де бойынша аудит жүргізілді.
Аудит барысында обьектімен жалпы 201 483,7 мың теңге сомасында бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою, жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті