ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Түркістан облысындағы жеке қабылдауы

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Түркістан облысындағы жеке қабылдауы

Халықпен кездесуден соң Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Мыңжасаров Ержан Тілекұлы Түркістан облысы әкімдігінің ғимаратында тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға 6 тұрғын, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің тұлғалары ұсыныс білдірген.

Жеке қабылдауда инвестициялық жобаларға түзетулер енгізу тәртібі; ішкі аудит департаментінің жеке және заңды тұлғалардың арыздарына жауаптары; құрылыс жүргізу жұмыстарында, бухгалтерлік есептілік кездесетін бұзушылықтар жөнінде сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға Ержан Тілекұлы жауап беріп, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.