Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров Түркістан облысы тұрғындарымен және кәсіпкерлік субъектілерінің тұлғаларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров Түркістан облысы тұрғындарымен және кәсіпкерлік субъектілерінің тұлғаларымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Мыңжасаров Ержан Тілекұлы Түркістан қаласында Түркістан облысы тұрғындарымен және кәсіпкерлік субъектілерінің тұлғаларымен кездесу өткізді.

Кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәбитов Арман Сәбитұлы қатысты.  Ержан Тілекұлы өз баяндамасында мемлекеттік органдардың қаржылық тәртібі және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің оны көтерудегі рөлі туралы, сонымен қатар Комитеттің 2022 жылдың 11 айындағы қол жеткізген көрсеткіштерін, қазіргі атқарылып отырған шаралар мен алдағы кезеңге белгіленген жоспарларын таныстырып өтті. Атап айтқанда:

Осы жылдың 11  айы ішінде 2151 тексеру жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде 311,8 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Олардың  11,5 млрд.теңгесі бюджетке өтелді, 31 млрд. теңге сомаға тауарлар жеткізіліп, қызметтер көрсетіліп, жұмыстар орындалды және 244,7 млрд. теңгеге бухгалтерлік есеп бойынша кемшіліктер өз қалпына сәйкестендірілді.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға екі мыңға жуық ұсыныс беріліп олардың 74 %-нен көбі орындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 8761 материал бойынша іс қозғалды, олар бойынша 855 млн. теңге айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 786 млн. теңгесі немесе 92% бюджетке төленді.

Тәртіптік жауапкершілікке 1 886 кінәлі адам тартылды, 186 материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

Оның ішінде 80 материал бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Осы жылдың басынан бастап бізге әр-түрлі салалардан барлығы 37 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Оның ішінде 30 мыңнан астамы мемлекеттік сатып алу рәсіміне байланысты жүгінген заңды тұлғалар болып табылады.

Қалған жеке тұлғалардан келіп түскен 7 мыңнан астам өтініштерді қарастырып әр қайсысына жауап бердік, арасында ұжымдық өтініштер де бар (145-тен астам).

Өтініштердің көбісі құрылыс, білім беру, көлік, жолаушылар тасымалы және медицина саласындағы бюджеттік ақшаны жұмсау мәселелеріне қатысты болып келеді.

Барлық келіп түскен өтініштердің көпшілігі қанағаттандырылды (шамамен 22 734).

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәбитов Арман Сәбитұлы облыстың ағымдағы жылда қол жеткізген көрсеткіштері жөнінде қысқаша баяндама жасады. Атап айтқанда:

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер бар.

11 айда жалпы өңірлік өнім көлемі 2,7 трлн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артты.

Оның ішінде: Өнеркәсіп өнімінің көлемі 776,8 млрд. теңгені; Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 996,3 млрд. теңгені; Өңір экономикасы 577,3 млрд. теңге; Құрылыс жұмыстарының көлемі 269,1 млрд. теңгені құрады. 

Инфрақұрылымды дамытуға 198,8 млрд. теңге қарастырылды.

Атап айтқанда, 129 тұрғын үйдің құрылысына 36,3 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде, 3 549 пәтерлі 60 үй пайдалануға беріледі.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 55 нысанның құрылысына 19,1 млрд. теңге (ҰҚ – 19 млрд. тг., ОБ – 0,1 млрд. тг.) бөлінді.

75 табиғи газ нысанның құрылысына 24,4 млрд. теңге (РБ – 0,5 млрд. тг., ҰҚ – 23,4 млрд.. тг., ОБ – 0,5 млрд.тг.) қарастырылған.

Сонымен қатар, электрмен жабдықтау мақсатында 42 нысанның құрылысына 13,6 млрд. теңге (РБ – 6,5 млрд. тг., ҰҚ – 6,6 млрд. тг., ОБ – 0,5 млрд.тг.) қарастырылған.

 

            Кездесу барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің тұлғаларымен бірнеше сауалдар қойылды. Сауалдардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу процесстері бойынша болды. Ержан Тілекұлы әрбір сұраққа жан-жақты мысалдар келтіре отырып, толыққанды жауап берді.

            Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарына толық түсіндірме алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.