
ҚР ҚМ Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) өтініш негізінде "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" КММ-де "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" КММ-нің бас маманына еңбекақыны есептеу және аудару кезінде ҚР заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.
Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша мекеме бухгалтерінің жеке карт-шотына бюджет қаражатын негізсіз аудару жолымен 4 597,5 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, бұдан басқа, бір қаржы жылы ішінде екі рет сауықтыру жәрдемақысын төледі.
Департаменттің "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" ҚРЗ 5-бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті " РММ-ге жолданды. Ертіс аудандық сотының үкімімен мекеменің бас бухгалтері 3 жылға бас бостандығынан айырылды.