2022 жылдың ІІІ тоқсанына ШҚО облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау қорытындылары

2022 жылдың ІІІ тоқсанына ШҚО облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың III тоқсанында камералдық бақылаумен            138,9 млрд. теңге сомасына 17,5 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды, 4,6 млрд.теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 626 хабарлама жіберілді.

Хабарламаларды мерзімінде орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің       462-бабының 3-бөлігі бойынша 9 жағдай бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде ең жиі жол берілетін бұзушылықтар - техникалық ерекшеліктер мен конкурстық құжаттамаларда заңнамаға қайшы келетін талаптар мен шарттарды белгілеу, яғни жұмыс тәжірибесі, тауарды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) мерзімі 15 күнтізбелік күннен кем, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында сатып алуды жарияламау, техникалық ерекшелікті мемлекеттік тілде орналастырмау.

Талдау көрсеткендей, шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдау кезінде тапсырыс берушілермен жиі жол берілетін бұзушылықтар сатып алу нысанасын зияткерлік меншік құқығының объектілеріне негізсіз жатқызу, аяқталғанға дейін шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілін қолдану қажеттілігі туындайтын, бәсекелестік негізде мемлекеттік сатып алуды өткізбей күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу болып табылады.

Сондай-ақ, аумақтық бірлік әкімдерінің аппараттары болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес, тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілердің негізсіз таңдауы орын алған.