"Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ден қою шаралары туралы" Брифингі

"Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ден қою шаралары туралы"  Брифингі
Бүгін ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ-де 
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Төрағасы-Ержан Тілекұлы Мыңжасаров, Төрағаның орынбасары- Ренад Калидолаұлы Ахметов,Заң басқармасының басшысы- Асет Болатұлы Омаровтың қатысуымен “Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ден қою шаралары туралы” тақырыбында брифинг өтті.
 
Брифинг барысында:
 
- ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жұмысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға басымдық берілетінін. Өтініштер мен арыздарға жедел түрде жауап берілетінін; 
 
- мекеменің негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша жүйелі шараларға тоқталып;
 
- «Qlik» платформасы ашық деректерді талдауға мүмкіндік беретінін;
 
- Бұзушылықтардың алдын алу іс-шарасы аясында камералдық бақылау енгізілгендігін;
- Бизнес өкілдерінің заңды мүдделері мен конституциялық құқықтары қорғалатындығы;
 
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның жобасы әзірленуі
 
жайлы сөздер қозғалып, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берілді.