Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде кеңейтілген отырыс өтті

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде кеңейтілген отырыс өтті

Ағымдағы жылдың 14 қазанында Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеилдің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

 

Іс-шара барысында 2022 жылдың 9 айындағы ІМАК қызметінің қорытындысы, орындаушылық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ жүйелі мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Алдағы кезеңге арналған басым міндеттер анықталды.

 

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.