Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде  2019 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысы бойынша Алқа мәжілісі өтті

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде   2019 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысы бойынша Алқа мәжілісі өтті

2019 жылғы 11 қарашада Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде Ә.Жұмаділдаевтің төрағалығымен Комитет басқармалары мен аумақтық органдар басшыларының қатысуымен  2019 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысы бойынша Алқа мәжілісі өтті.  

            Алқа мәжілісіне ІМАК ұжымы мен облыстар, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша ІМАД басшылары қатысты.  

Алқа мәжілісі барысында ІМАК-тың басқарма басшылары мынадай мәселелерге арналған баяндамалар оқыды:

  • 2019 жылдың 9 айындағы ІМАД қызметін рейтингтік бағалау нәтижелері;
  • Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі Комиссияның тапсырмаларын орындауға бойынша атқарылған жұмыстар;
  • 2019 жылдың 10 айындағы мемлекеттік сатып алуды камералды бақылау;
  • Аудиторлық шаралардың жүргізілуіне, құқық қорғау органдарымен және ІАҚ-мен өзара іс-қимылға талдау;
  • Аудиторлық есептер мен камералдық бақлаудың хабарландыруларына қарсылықтарды қарастыру;
  • 2019 жылдың 9 айындағы екінші деңгейдегі сапа бақылауының қорытындысы.

Алқа отырысының соңында ІМАК төрағасы Ә.Жұмаділдаев ІМАК орталық аппаратының басқармалары мен  ІМАД басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.