
Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім беру басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің Балалар – жасөспірімдер туризм және экология орталығында 2021 жылға бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына аудиторлық іс-шара жүргізді.
Жүргізілген аудит нәтижесінде, жеке тұлғалардың, Орталық қызметкерлерінің, есепшінің қызының карталық шоттарына жалпы сомасы 2621,5 мың. теңге, атап айтқанда есепші директордың жеке электронды-сандық қол қою құқығын пайдаланып, өзінің шотына 85,3 мың. теңге (еңбек ақы, іс сапар шығындары), өзінің қызының шотына 1100,0 мың.теңге (Орталықта жұмыс істемейді), Орталық қызметкерлерінің шотына 820,2 мың. теңге ақшалай қаржы аудару арқылы бюджет қаржысын жымқыру фактілері анықталды.
Бұдан басқа, жүргізілген аудит барысында 462,0 мың. теңге сомасында ЖЖМ (АИ-92) 2200 литр, 154,0 мың. теңге сомасында ТМҚ жетіспеушілігі анықтады.
Орын алған бұзушылықтар үшін есепші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 238-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мен бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғаларға қатысты жауапкершікті қарастыру үшін құқық қорғау органдарына материалдарды жолдады.