Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 701 250,6 мың теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады.
Жекелеп айтқанда, Басқармамен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге негізсіз 360 317,7 мың теңге оның ішінде: сатып алынбаған және егілмеген «Гала» картоп тұқымына 32 080,6 мың теңге, субсидиялау Ережесі талаптарына сәйкес келмеген бордақылау алаңы құрылысына 245 469,6 мың теңге, БҚО аумағына әкелінбеген асыл тұқымды мал сатып алғаны үшін 80 400,0 мың теңге, осымен қатар мал басының сақталуын қамтамасыз етпегенімен 2 367,5 мың теңге көлемінде субсидия берілген.
Бұдан басқа, «Еңбек» бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың қызметі тоқтатылған жеке кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту үшін жалпы сомасы 340 932,9 мың теңгеге несие беру фактілері анықталды.
Басқармаға бұзушылықтарды жоюға туралы нұсқама жолданды.
Осымен бірге аудит материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.