
Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылы 229 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 18 аудиторлық іс-шара және жоспардан тыс 211 аудиторлық іс-шара.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 58 млрд. теңге бюджет қаражаты қамтылды, тексеру қорытындылары бойынша 28 млрд. теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 7 млрд. теңге сомасына (немесе 26%) қаржылық бұзушылықтар;
- 21 млрд. теңгесомасына (немесе 74%) рәсімдік бұзушылықтар.
Аудиторлық іс - шаралардың қорытындылары бойынша 6,7 млрд.теңге (немесе 96%) қалпына келтірілді және өтелді.
Жол берілген бұзушылықтар үшін 225 қызметкер жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 192 лауазымды тұлға тәртіптік тәртіпке, 30 лауазымды тұлға 2,7 млн.теңге айыппұл сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 3 лауазымды тұлға мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органмен жауапкершілікке тартылды.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жалпы сомасы 395 млрд.теңгеге 62 455 лот қамтылды және 53 млрд. теңге немесе қамтылған сатып алулардың 9,5% сомасына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 5 772 хабарлама жіберілді.
Департамент ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. Есепті кезеңде жалпы сомасы 34 313 мың теңге айыппұл түрінде 301 әкімшілік жаза салынды, олар толық көлемде өндірілді.
Ағымдағы кезеңде Департамент бюджет қаражатын ұрлаудың 12 фактісін анықтады, олар жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына берілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жекелеген материалдар 8 лауазымды адамға қатысты бас бостандығынан айырумен айыптау үкімдерін шығарған сот органдарына жіберілді.