Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылы 48 718 лот камералдық бақылаумен қамтылды

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өткен жылы  48 718 лот камералдық бақылаумен қамтылды

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2021 жылы жоспарланған мемлекеттік сатып алулардың 597 447,2 млн.теңгелік    48 718 лоты мен жоспар тармақтары камералдық бақылаумен қамтылды (қамту 97,1% құрайды). Оның ішінде 2 702 лот бойынша  73 392,4 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.

73 392,4 млн. теңге сомасына 2 702 хабарлама жолданды және барлық хабарламалар орындалды.

         Хабарламалардың тиісінше орындалмау фактілері бойынша 45 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 42 лауазымды тұлға  және ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша  3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.    

         1 объект бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операциялары  заң бұзушылықтарды жою бойынша жіберілген хабарлама орындалғанға дейін  тоқтатылды.