СҚО бойынша ІМАД ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану бойынша кеңес өтті

СҚО бойынша ІМАД ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану бойынша кеңес өтті

2022 жылғы 22 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде әкімшілік практика, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және ҚР Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексін қолдану шеңберінде Департаменттің наразылық-талап қою жұмысы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес өткізу барысында Департаменттің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері талап арыздарды беру бөлігінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолдану ерекшеліктеріне, өтініштерді қарау кезінде әкімшілік рәсімдерге қатысты түсініктемелер берді. Сондай-ақ, әкімшілік өндірістерді қозғау тәртібі мен мерзімдері қаралды.