СҚО бойынша ІМАД-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен жиналыс өтті

СҚО бойынша ІМАД-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен жиналыс өтті

         2022 жылғы 10 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілінің қатысуымен ZOOM арқылы кеңес өтті.

        Кеңес өткізу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері қаралды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҚР-дағы шаралар жүйесінің мәні, сондай-ақ елде және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі қағидаттары түсіндірілді.