
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ-де 2020 жылдың 01 қаңтарына 2022 жылдың 10 ақпанына дейінгі кезеңге бөлім қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қорының негізділігіне және жеке қызметкерлердің карточкалық шоттарына аударымдардың сенімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтиежесінде жеке тұлғалардың және бөлім қызметкерлерінің жеке шоттарына 30 586,0 мың теңге соммасында бюджет қаражатын заңсыз аудару жолымен қаражатты ұрлау фактілері анықталды, оның ішінде бөлімнің есепші - кассирі басшымен бас есепшінің жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып өзінің жеке шотына 2 021,3 мың теңге бюджет қаражатын заңсыз аударған. Сондай-ақ Бөліммен еңбек қатынастарында жоқ қызметкерлер мен тұлғаларға бюджет қаражаты (еңбекақы) аударылған.
Департаментпен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 3- тармақшасына сәйкес аудиторлық тексерістің материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарау және процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.