Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2021 жылғы әкімшілік практикасының қорытындылары

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2021 жылғы әкімшілік практикасының қорытындылары

        ҚР ҚМ ІМАК Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдардың бірі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес бұзушылықтың алдын алу шараларының бірі заңды және жеке тұлғалардың әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілігі болып табылады.

         2021 жылдың қорытындысы бойынша - 568 әкімшілік хаттама, оның ішінде 503 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша (Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабы бойынша 38 хаттама (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін), ҚР ӘҚБтК-нің 239-бабы бойынша 7 хаттама (заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы), ҚР ӘҚБтК-нің 247-бабы бойынша 1 Хаттама (Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы, (Міндетті аудит жүргізуден жалтару), ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша 14 хаттама (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау).

         Жалпы сомасы 29 008,6 мың теңгеге айыппұл салынды, оның ішінде 26 857,2 мың теңге өндіріп алынды.

         Департамент "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде қолданады, бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға қатысты санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшеріндегі айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.