
2021 жылы Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторлары 247 аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында 16,6 млрд. теңге сомасына бюджет заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар-1,8 млрд. теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар-14,8 млрд. теңге.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 723,7 млн. теңге қалпына келтірілді және өтелді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 190 нұсқама жолданды, олар толық көлемде орындалды, сондай-ақ бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұсынымдар берілді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 3,0 млн. теңге сомасына 18 лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бюджетке 2,5 млн. теңге өндірілді. 211 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.
Бұдан басқа, жалпы сомасы – 6,5 млрд. теңгеге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткендер – 6,1 млрд. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауды бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау нәтижелері бойынша 33,8 млрд. теңге сомасына бұзушылықтар анықталды және бұзушылықтарды жоюға 942 хабарлама жіберілді, олар толық көлемде орындалды.