Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлкеттік аудит департаментіндегі аудит қызметінің 2021 жылдың қорытындысы

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлкеттік аудит департаментіндегі аудит қызметінің  2021 жылдың қорытындысы

          Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлкеттік аудит департаментімен  2021 жылдың қорытындысы бойынша 199 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде  187 - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор, 12 - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері.

        Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 78 319,8 млн. теңгенің бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 48 888,9 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 2 042,2 млн.теңгені және   рәсімдік  сипаттағы бұзушылықтар 46 846,7 млн. теңгені құрады.

        Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 2 042,2 млн. теңге қаржылық бұзушықтардан 2 041,7 млн. теңге (99,9%)  қалпына келтірілді, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны – 533,0 млн. теңге болса, бюджетке 532,5 млн. теңге (99,9%) өтелді және жалпы сомасы 1509,2 млн. теңгеге  тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету  арқылы қалпына   келтірілді.

      2021 жылы  камералдық бақылаумен  жоспарланған мемлекеттік сатып алулардың  597 447,2 млн. теңге  сомалық  48 718 лоты мен жоспар  тармақтары (қамту 97,1%  құрады) қамтылды, 2 702 лот бойынша 73 391,4 млн. теңгеге бұзушылықтар  аңықталып, тиісті хабарламалар  жіберілді және бұзушылықтар қалпына келтірілді

        Департаментпен есепті кезеңде 535 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 37 162,5 мың теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және оның 36 156,2 мың  теңгесі бюджетке өндірілді.

     Сондай-ақ  аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 197 лауазымды тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды