Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бойынша 2021 жылғы камералдық бақылау қорытындысы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бойынша 2021 жылғы камералдық бақылау қорытындысы

       СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылы мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылаумен 454,8 млрд. теңге немесе 99,66% сомасына 51 290 лот мөлшерінде мемлекеттік сатып алуды қамтылды. Оның ішінде 79,9 млрд. теңге сомасына 2 470 лот бойынша бұзушылықтар белгіленді.

      79,5 млрд. теңге сомасына 2 467 хабарлама жіберілді, оның ішінде 78,8 млрд.теңге сомасына 2 448 хабарлама (99,23%) орындалды.

      Хабарламалардың тиесілі орындалмау фактілері бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша 6 лауазымды тұлға, ҚР ӘҚБтК 207-бабы бойынша 7 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

      1 объект бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша, сондай-ақ банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операциялары тоқтатылды.