СҚО бойынша ІМАД аудиторлық қызметінің 2021 жылғы қорытындысы

СҚО бойынша ІМАД аудиторлық қызметінің 2021 жылғы қорытындысы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторлары 2021 жылы 129 аудиторлық іс-шаралары өткізілді.

Сомасы 121,6 млрд.теңгеге бұзушылықтары анықталды, соның ішінде: сомасы 16,5 млрд.теңге - қаржылық бұзушылықтары және сомасы 105,1 млрд.теңге - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары. Сонымен қатар, сомасы 9,1 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталынуындағы бұзушылықтары анықталды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша бюджетке қалпына келтірілуге және өтелуге тиісті сомасы 16,5 млрд.теңгеден қабылданған іс-шаралармен 14,4 млрд.теңгесі немесе 87,3% қалпына келтірілді, өтелді және сәйкестікке келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша есепті күнге орындалу мерзімінің аяқталуы бойынша анықтаған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру жөнінде 115 нұсқама жіберілді, аудит объектілерімен олардың 109 немесе 94,8%
толық көлемде орындалды.

Жіберілген бұзушылықтары үшін 169 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарына сомасы 98,9 млрд.теңгеге 25 аудит материалы жіберілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталынуының камералдық бақылау нәтижелері бойынша сомасы 79,5 млрд. теңгеге 2 467 хабарлама жіберілді.