Петропавл қаласының қалалық аулаларын абаттандыру кезіндегі бұзушылықтар

Петропавл қаласының қалалық аулаларын абаттандыру кезіндегі бұзушылықтар

       Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-де топырақты жолдардың қиыршық тас жабынын орнату және Петропавл қаласының қалалық аулаларын аула ішінде асфальттау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

     Сарапшының қорытындысы негізінде жүргізілген аудит бойынша 2020 жылғы сәуірден бастап 2021 жылғы қазанға дейінгі кезеңде аула ішіндегі өтпе жолдардың асфальтбетонды жабынын орнатуға және қиыршық тас құнын базалық бағадан орташа 1,7 есе асыра отырып, топырақты жолдарды қиыршықтауға сметалық есептеулер жасалғаны анықталды, олар өңірде қабылданды, нәтижесінде қиыршық тас құны 678 млн.956 мың теңгеге асыра бағаланды.

      Анықталған бұзушылықтарды жоюға және аудит объектісіне жіберілген, оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы Нұсқаманы мерзімінде орындамағаны үшін мекеме басшысы "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

      Департамент Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық сотына ұйғарымды орындауға мәжбүрлеу туралы талап арыз берді.

      Қазіргі уақытта бюджет кірісіне 147 млн. теңге өтелді. Аудит материалдары процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.