Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаменті 2021 жылы 187 нысанда аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 173 нысанда жалпы сомасы 31 236,0 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 3 174,5 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 28 061,5 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде 56 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 20 645,7 млн.теңге.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 3 174,5 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 3 032,4 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 95,5 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 84 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 66 әкімшілік материал салу – 20,1 млн.теңге, өндірілгені – 17,3 млн.теңге, яғни орнын толтыру 86,1 пайызды құрады.
Арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 357,9 млн.теңгені құрайтын 12 материал құқық қорғау органдарына берілді.
Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан 2018 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 16 120,3 млн.теңгені құрайтын 87 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді