
2019 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті құқық қорғау органдардың, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының өкілдерінің қатысуымен семинар кеңес ұйымдастырылды.
Семинар-кеңесте Депатаменттің 2019 жылдың 1 тоқсанындағы қызметі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралары, Департаменттің қызметі туралы есептілікті БАҚ, ІМАК интернет- ресурстарында жариялануы туралы сұрақтар талқыланды.
