Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Департамент ұжымымен кездесу өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Департамент ұжымымен кездесу өткізді

        2021 жылғы 24 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің  ғимаратында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының ІІО бойынша офицері Алмагүл Ерсінқызы Кенебаева және жастар көшбасшылары пулының өкілі, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" ЖҚ Нұр-Сұлтан қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мағзұм Арсланбек Талғатұлы Департамент ұжымымен кездесу өткізді.

       А.Е. Кенебаева өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтып, заңнаманы жетілдіру сыбайлас жемқорлықты жою тетіктерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Новеллаларды егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, жаңа енгізілімдердің бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаны қатаңдату болып табылатынын, бұл ретте Агенттіктің негізгі бағыты сыбайлас жемқорлық пен басқа да әдепке жатпайтын іс-әрекеттер үшін "азғыруларды" және мүмкіндіктерді азайтатын алдын алу шаралары болып табылатынын атап өтті.

       А.Т.Мағзұм "Жас Отан" ЖҚ-ның негізгі міндеттері жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, жастардың бойында жаңа көзқарасты қалыптастыру мақсатында жастар ұйымдарымен бірлесіп өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабардар етті. 

       Сонымен қатар, қатысушылар "Астана - Адалдық алаңы" жобасы туралы мәлімет алды. Іс-шара барысында слайд ұсынылып, өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.