Ақтөбе облысы бойынша ІМАД-тың 2021 жылғы 9 айдағы жұмысы

Ақтөбе облысы бойынша ІМАД-тың 2021 жылғы 9 айдағы жұмысы

          Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылдың 9 айында 166 аудиторлық іс-шара өткізді. Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 59229,4 млн. теңгені құрады.

146 аудит объектісінде 41143,3 млн.теңгеге  ҚР заңнамасы мен ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы нормаларын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар -1945,6 млн. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 39197,7 млн. теңге.

Өтелуге және қалпына келтірілуге жататыны – 1945,6 млн теңге, өтелгені және қалпына келтірілгені-1623,0 млн теңге. Бюджетке өтелуге жататын жалпы сома 528,5 млн. теңгенің  бюджетке 527,6 млн. теңгесі өтелді.

Жұмыстар, қызметтер және тауарлармен қалпына келтіру, есеп бойынша көрсету сомасы 1417,1 млн.теңгені құрады, 1095,4 млн. теңге қалпына келтірілді.

         60 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11,4 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды және бюджетке 11,4 млн.теңге өндіріп алынды, 171 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 адам атқаратын лауазымынан босатылды.

      

Г.Кулхаева, жоспарлау, талдау және

есептілік бөлімінің бас маманы