Ақтөбе облыстық департаментте мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықтың алдын алу туралы семинар өтті

Ақтөбе облыстық департаментте мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықтың алдын алу туралы семинар өтті

           2021 жылдың 3-5 қарашасында Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қ.Жұмабаев, камералдық бақылау бөлімінің басшысы Д.Алматов және персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгері Қ.Утеуовамен Ақтөбе облысының Ырғыз, Әйтеке би және Хромтау аудандарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа  жол бермеу және оның алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

       Семинарға ауданның мемлекеттік сатып алуына жауапты бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен қоса мамандары қатысты.

      Семинар барысында Қ.Утеуова тапсырыс берушілердің келісімшарттың орындалмауы немесе тиісті түрде орындалмауы анықталған жағдайда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеуі - сыбайлас жемқорлықтың бірден-бір көрінісі болып табылатынын ескертті.

      Сонымен қатар, Д.Алматов мемлекеттік сатып алу өткізу уақытында камералдық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды дер кезінде жою мақсатында 10 жұмыс күні ішінде орындау үшін жіберілетін хабарламаны уақытында орындамау, тиісті түрде орындамау және мүлде орындамау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатынын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұратынын баса назарға алып, мұндай бұзушылықтарға жол бермеу керектігін ескертті.

       Сондай-ақ, басшы орынбасары Қ.Жұмабаев Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, лауазымды тұлғаларға қатысты жауапкершілікті түсіндіріп, басқа да Департаменттің құзыреті шегінде қойылған сауалдарға жауап берді.

       Сөз соңында алдағы уақытта Заңға сәйкес жемісті жұмыс істеулеріне сәттілік тіледі.