
Ағымдағы жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда оның 2021 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары шығарылды.
Отырысқа Қаржы Вице-министрі Дәурен Кеңбейіл, Комитет төрағасы және оның орынбасарлары, аумақтық және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Іс-шара барысында Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының 2021 жылғы 9 айдағы жұмысы туралы баяндамалары тыңдалды.
Олар өз баяндамаларында АИВ қызметінің негізгі қорытындылары және аумақтық бөлімшелердің рейтингтік көрсеткіштері, аудиторлық іс-шаралар нәтижелерінің сапасын бақылау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі енгізілгеннен кейін аумақтық департаменттердің талап-арыз жұмысы тәжірибесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Комитет төрағасы Берік Нажмиденов басым міндеттерді талқылау барысында қатаң сақтауды атап өтті.