
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар " аудандық мәдениет үйінен 22 млн.теңге жымқырылғанын анықтады.
Аудит нәтижелесі бойынша бастапқы және банктік құжаттар негізінде кәсіпорынның бас бухгалтері 2018 жылдан бастап 2021 жылғы маусымға дейін жүйелі түрде жалақыны жеке карт-шотқа, сондай-ақ Федоров ауданының Успен ауылдық клубында мәдени ұйымдастырушы лауазымында жұмыс істеген әкесінің карт-шотына басшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып, аударғаны анықталды. Негізсіз аударылған жалақының жалпы сомасы 22 млн.155 мың теңгені құрады.
Аудит материалдары құқық қорғау органдарына берілді.