Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК-на медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді, соның барысында біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін төрт әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға негізсіз рұқсат беруден байқалған рәсімдік бұзушылықтар анықталды, нәтижесінде бұл мемлекеттік сатып алу қорытындысына 4 500,0 мың теңгеге ықпалын тигізді .
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша аудит объектісінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жоюға, оның ішінде негізсіз жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға нұсқама жіберілді.