Ақтөбе облысының құрылыс басқармасындағы тәуекелді операцияларға жүргізілген аудит қорытындысы

Ақтөбе облысының құрылыс басқармасындағы тәуекелді операцияларға жүргізілген аудит қорытындысы

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен

"Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі" ММ-де және "Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы" ММ-де 2017-2020 жылдар кезеңінде өнім берушілермен шарттық міндеттемелердің орындалуы бойынша аудит жүргізілді.

Аудиторлық іс-шаралар барысында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар

анықталды.  Мәселен, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер орындалған жұмыстардың актілері мен төлем шоттарын Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жібермейді және тапсырыс берушілер орындалған жұмыстардың актілері мен төлем шоттарын қағаз жеткізгіштерде қабылдайды.

Бұдан  басқа,  тапсырыс  берушілер  "Сәулет,  қала  құрылысы  және

құрылыс қызметі туралы" Заңға қайшы, құрылыс мерзімін ұлғайтуға қосымша келісімдер жасасу кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімін ұзарту үшін сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хабарлама жібермейді.