Астаналық балабақшалардағы сатып алуларды тексеру нәтижесі

Астаналық балабақшалардағы сатып алуларды тексеру нәтижесі

Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу электрондық формат шеңберінде мемлекеттік сатып алудың веб-порталында өткізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі мекемелері ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында көптеген бұзушылықтары бар балабақшалар тәрбиеленушілерінің балалары үшін азық-түлік сатып алу рәсімдерін өткізді, бұл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мекенжайына қарау үшін келіп түскен, сатып алуға қатысқан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің едәуір санының артуына әкелді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар барысында көптеген мектепке дейінгі мекемелерде тауар жеткізушісін таңдау критерийлерін заңсыз есептеу бөлігінде бірдей бұзушылықтарға жол берілген, бұл тиісінше сатып алу қорытындысына әсер етті.

Аудит объектілерінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.