Қызылордада мемқызметшілер күніне арналған спартакиада өтті

Қызылордада мемқызметшілер күніне арналған спартакиада өтті

 23 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің   Қызылорда облысы бойынша департаментінің   ұйымдастыруымен  облыстық, қалалық және облыстың мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында  салауатты өмір салтын  қалыптастыру мақсатында  жарыс өткізілді.

       Аталған жарысқа  Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит  департаментінің   шағын футбол командалары  белсене қатысты. Олар салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екеніне, салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі екеніне көз жеткізе отырып, барлық әріптестерін  спортпен  белсене айналысуға шақырды.