Мұғалжар ауданындағы аудит нәтижелері

Мұғалжар ауданындағы аудит нәтижелері

        Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Мұғалжар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-де және "Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" ММ-де Қандыағаш қаласының көшелерін сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуды жүргізу және аулаларын абаттандыруды жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне аудит жүргізілді.

Аудитті жүзеге асыру барысында 352,5 мың теңгеге шарт бойынша

шарттық міндеттемелерді орындамау, шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамау, аяқталған құрылыс объектілерін толық көлемде теңгерімге қабылдамау сияқты  бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ, қысқы уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу

кезінде сметалық нормалар жинағын және қосымша шығындарды бұзу фактілері анықталды. Тапсырыс берушілер жазғы уақытта жүргізілген құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін орындалған жұмыстардың актілері бойынша қысқы уақытта ҚМЖ жүргізу үшін коэффициент есептей отырып, 846,7 мың теңге сомасына төлем жүргізген.

Бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы бұзғаны үшін қаржы-экономика-

лық бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

          Қазіргі уақытта бұзушылықтар жойылды.

 

 Берниязова Г.Ш.

№2 сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы