
22 маусымда Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментінің басқарма басшысы Р. Болаттың қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыйлықтарды қабылдау, сыйға тарту және тапсыру тәртібін реттейтін заңнаманы сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.