Павлодар облысында қоныс аудару бағдарламасының үш қатысушысына бюджеттен алты миллион теңге заңсыз аударылды

Павлодар облысында қоныс аудару бағдарламасының үш қатысушысына бюджеттен алты миллион теңге заңсыз аударылды

Өңірлік ішкі мемлекеттік аудит департаментімен азаматтардан келіп түскен өтінішті қарау барысында, Аққулы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерімен бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды.

          Қазақстанда жұмыс күшінің мобильдігін арттыру мақсатында адамдарды оңтүстіктің жұмыс қолы көп өңірінен солтүстікке, оның ішінде Павлодар облысына көшіру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қоңыс аударушыларға тұрғын үйді жалға алу және комуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу бойынша субсидиялар төленеді.

          Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Аққулы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығын тексеру барысында ақшаны заңсыз аудару фактілерін анықтады.

          Орталық қызметкерлері қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2019 жылғы кезеңде бағдарламаның үш қатысушысына тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша бюджет қаражатын заңсыз аударды.

          Тексеру материалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке процессуалды шешім қабылдау үшін жолданды. Тергеу іс-шаралары аяқталды, сот қарауы басталды, сондықтан іс бойынша өзге деректер сот үкімі шыққаннан кейін жарияланатын болады.