
23 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің және облыстың мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жарыс өткізілді.
Аталған жарысқа Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің волейбол және шағын футбол командалары белсене қатысты. Олар салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екеніне, салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі екеніне көз жеткізе отырып, барлық әріптестерін спортпен белсене айналысуға шақырды.