Алматы аймақтық көпсалалы клиникасындағы аудиторлық іс шаралар нәтижесі

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасындағы аудиторлық іс шаралар нәтижесі

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ Алматы аймақтық көпсалалы клиника» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры С.Олжаевтың жазған арызындағы тізім бойынша кәсіпорынның 20 қызметкерлеріне төленген еңбекақының негізділігіне және  31.05.2016 жылғы №310516/1 шарт негізінде «TAVLD» ЖШС-інен 10400,0 мың теңгеге №230 жүк құжатпен  алынған медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдағаны туралы фармацевт А.Узаковадан түсініктеме алу мәселесі бойынша 2012 жылдың 01 қаңтарынан 2015 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы  аралығы қамтылып  сәйкестік аудиті жүргізілді.

      Жүргізілген аудит барысында анықталған бұзышылық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1400 Қаулысының 3-тармағының 1-тармақшасының талаптары сақталмаған. Қаржыны аударуға негіз болатын - жұмыс уақытын есепке алу табелі, еңбекақы есептеу ведомосттары, бұйрықтар немесе тағы басқада дәлел болатын құжаттарсыз 2012-2015 жылдары аралығында мекеменің 20 қызметкерлерінің жеке карт шоттарына 54218,3 мың теңге аударылған.          

  Қазіргі уақытта заңсыз алынған ақшалай қаражатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.